Қызылорда-Шымкент ақылы тасжолы аптаптан бүлінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Қызылорда-Шымкент ақылы тасжолы аптаптан бүлінді Видео кадры

Қызылорда-Шымкент ақылы тасжолы аптапқа шыдамай, бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда-Шымкент ақылы тасжолы аптапқа шыдамай, бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Түркістан облысында 8 маусымда күндіз болған. Жүргізушілер Төрткөл ауылы аумағында жолдың асфальт-бетон жабындысы көтеріліп кеткенін байқаған. Көліктер бүлінген жолды айналып, жол шетіне шығуға мәжбүр.

Реклама
Реклама

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, оқиға республикалық Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі Қызылорда-Шымкент ақылы тасжолында болған. Сол күні облыста ауа температурасы жоғары болғаны айтылды. Термометр бағаны 45 градусқа дейін көтерілген.

"Сағат 17.00 шамасында тасжолдың оң жағында ауа температурасының жоғарылауына байланысты цемент-бетон тақта көтерілді. Қазіргі уақытта тақтаны бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Уақытша қалпына келтіру жұмыстарын мердігер "ШымкентДорСтрой" жүргізді. Қиыршық-құм қоспасы құйылып, асфальт-бетон жабыны төселді. 10 адам және бес техника жұмылдырылды", - деді ұлттық компания өкілдері.

Сондай-ақ, оқиға аймағында ескерту белгілері орнатылған. Жолға Түркістан облысының патрульдік көліктері қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама