ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2022 | 15:19
Қызылордада екі қыз іздестіріліп жатыр
Қызылордада екі қыз жоғалып кетті. Олардың бірі Наурызбай Бану 26 жаста, екіншісі Сәдірбекқызы Ақмарал 16 жаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылордада екі қыз жоғалып кетті. Олардың бірі Наурызбай Бану 26 жаста, екіншісі Сәдірбекқызы Ақмарал 16 жаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, Бану 2022 жылдың 13 шілдесінде үйден белгісіз бағытқашығып кетіп, оралмаған. Кәмелетке толмаған Ақмарал 2022 жылдың 2 қыркүйегінде таңертең мектепке кеткен, оның қайда екені әлі белгісіз.
"Наурызбай Бануды соңғы рет Амангелді көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің ауласында көрген. Оны Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері іздестіріп жатыр. Сондай-ақ кәмелетке толмаған Ақмаралды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Наурызбай Бануды ерекше белгілері: бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, ұзын қара шашты, оң көзінде меңі бар. Ол ақ көйлек пен ақ кроссовка киген.
Сәдірбекқызы Ақмаралдың ерекше белгілері: бойы 165 сантиметр, шашы қара. Ол қара белдемше, ақ кофта және қара туфли киген.
"Жоғалған қыздардың қайда екені туралы білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз: 8 (7242) -29-75-20 немесе 102 арнасына", - деді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также