Қызылордада жарық жоқ, жергілікті ЖЭО жұмысы тоқтады

Қызылорда тұрғындары электр жарығынсыз қалды, жергілікті жылу электр орталығы жұмысы тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда тұрғындары электр жарығынсыз қалды, жергілікті жылу электр орталығы жұмысы тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған "КЕГОК" АҚ Л-2509  желісінің 220кВ энергожүйесіндегі қысымның төмендеуі себеп болғаны айтылады.

"Қызылорда ЖЭО-да энергожүйені өшіргеннен кейін атмосфераға артық бу шығарып, бу қазандығын қорғау іске қосылды. Қызылорда ЖЭО-да зақымдалған жабдық жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта "КЕГОК" АҚ Қызылорда қаласында электр энергиясын беру үшін қысымды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, Қызылорда ЖЭО-да жұмыс режимін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқаны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама