18 ақпан 2020 16:05

Қызылордада жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

17 ақпанда Қызылорда облысына жұмыстық іссапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб басшысы Ырза Тұрсынзада және агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кездесу барысында келген қонқтар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік қасиетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Арман Бердалин өз сөзінде қатысушыларға Агенттіктің қазіргі таңдағы басты мақсаттары мен міндеттері туралы сөз қозғаса, Ырза Тұрсынзада өз сөзінде ақпараттық – ағартушылық штабтың қызметі мен маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе спикерлер кірістер департаментінің қызметкерлерін өз еңбектеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықты жоюдағы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға бірге атсалысуға шақырды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram