ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2021 | 12:18
Қызылордада жоғалған үшінші қыз табылды
Қызылордада 27 наурызда кешке "Атамекен" балалар ауылынан өз еркімен кетіп қалған үшінші қыз табылды. Бұл туралы қалалық полиция мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылордада 27 наурызда кешке "Атамекен" балалар ауылынан өз еркімен кетіп қалған үшінші қыз табылды. Бұл туралы қалалық полиция мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қызылорда облыстық полиция департаменті, Алматы қалалық полиция департаменті және еріктілер қозғалысы бірлесіп жүргізген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 16 жастағы Нұғманова Ділдә Мұсабекқызы 3 сәуірде сағат 22.30-да Алматыда табылды", - деді полициядағылар.
Ділдә Нұғманова Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта іздеу нәтижелері туралы құзырлы органдарға хабарланған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, Қызылордадағы "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының үш тәрбиеленушісі бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Кейін екі қыз табылған. Алматыдағы балалар үйіне жеткізілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также