26 қыркүйек 2020 | 19:24

Қызылордада қала күніне орай бірқатар нысан ел игілігіне берілді

Қызылордада қала күніне орай бірқатар нысан ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада қала күніне орай бірқатар нысан ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 қыркүйек күні сұлу Сырдың жағасында бой түзеген, Алаштың рухани ордасы, келбеті көркем – Қызылорда қаласының туған күні аталып өтті.

Реклама
Реклама

"Қала күні" мерекесіне орай аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар нысандарды ашып, қала халқын мерекемен құттықтады.

Қойнауы тағылымды тарихқа толы Алаштың Ақмешіті – Қызылорда қаласының мерейлі мерекесінің салтанатты ашылуы "Қалалық денсаулық және демалыс саябағының" пайдалануға берумен ұштасты.

Саябақты өңір басшысына таныстырған шаһар әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдағы уақытта кәсіпкерлерді ұйымдастырып, ойын аттракциондарын орнатып, бұл аллея спорттық, патриоттық іс-шаралар өткізетін орынға айналатынын жеткізді.

Айта кетейік, 35 гектар аумаққа орналасқан аллеяда веложол, 6 спорттық ойын алаңы, аяқ су каналы, түнгі жарық шамдары барлығы үйлесімді орналасқан. Сонымен қатар 20 717 көшет пен, 61 мыңға жуық гүлдер егіліп, 10 450 шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Бұдан бөлек, өңір басшысы мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала мерейтойы аясында "Дәрігерлер аллеясын" ашып, еселі еңбегі еленген 2 ақ халаттыға пәтер кілтін табыстады.

Мереке аясында аймақ басшысы медицина қызметкерлерімен және сала ардагерлерімен кездесіп, пандемия кезіндегі табанды қызметтеріне алғысын жеткізді.

Ел игілігіне берілген "Дәрігерлер аллеясы" Тұңғыш Президент даңғылының бойында орналасқан "Облыстық көпбейінді аурухана" маңынан салынған.

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойындағы Сыр сүлейлері аллеясынан бастау алып Тасбөгет кентіне дейін жалғасатын ұзындығы 8 шақырымнан аса жолға "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарлама аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Абаттандыру жұмыстары негізінде жол бойы көгалдандырып, 4 субұрқақ пен гүлзарлар салынып, түрлі-түсті брусчаткалар төселіп, соңғы үлгідегі жарық шамдар орналастырылды.

Келесі, 200 отбасының қуанышы, Сырдария өзенінің сол жағалауынан "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында бой көтерген несиелік үйлер пайдалануға берілді. Өңір басшысы кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.

Қала күнінде берілген №3 тұрғын аймағындағы үйлер құрылысын "Бақ – Береке 2030", "Дәнекер", "Сапақ", және "Астана Сервис ЛТД" компаниялары жүргізген. Бес қабаттан тұратын 200 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы ауданы 12 мың 619 шаршы метр.

Кейінгі жылдары Қызылорда қаласында 14 жаңа шағын аудан, 7 тұрғын үй кешені бой көтеріп, 10 мыңға жуық қызылордалық баспаналы болды. Соның ішінде тұрғын үй құрылысын еселеп арттырған Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада соңғы екі жылда республикалық, облыстық бюджеттерден 620 пәтерлік 13 көпқабатты арендалық тұрғын үй мен 240 пәтерлік 4 көпқабатты несиелік тұрғын үйлердің, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардың есебінен 604 пәтерді құрайтын 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыстары жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Биылғы жылдың соңына дейін 680 пәтерлік арендалы 14 көпқабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 86 пәтерлік 1 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Келесі ел игілігіне берілген нысан, Қызылорда қаласында қала күніне орай Жаппасбай батыр көшесіннен бой көтерген 600 орындық жаңа мектеп.

Білім ұясы соңғы үлгіге сәйкес оқушылардың кең, жаңа технологиялармен жабдықталған сыныптарда сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, мектеп жанынан ерекше балаларға арналған арнайы орталық ашу жоспарға қойылған.

Жаңа білім ұясы 120 адамды жұмыспен қамтыған. Білім ұясының құрылысын "Ария-Жаңа Астана" ЖШС жүргізді. 43 мың 497 шаршы метр жерге орналасқан ғимараттың ауласының жалпы көлемі 8721,8 гектарды құрайды.

Қала күніне орай облыс орталығында Мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды. Қола металынан жасалған мүсіннің биіктігі – 1 метр болса, граниттен дайындалған тұғыр биіктігі – 2,3 метрді құрайды. Мүсін авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Аманкелді Кененбаев.

Шара барысында Сыр халқына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың жолдаған арнайы Үкіметтік құттықтау жеделхаты оқылып, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ел ардақтысы туралы естеліктерімен бөлісті.

Келесі, аймақ басшысы "Сыр Ана" алаңындағы қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты.

"Жұмыспен қамту жол картасына" сай жаңғыртудан өткен Сыр ана монументінің аумағында 3 мыңнан аса шаршы метр жер көгалдандырылып, ағаш көшеттері, газон төсеу жұмыстары жүргізілген. Монумент маңындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңартылып, 2 спорттық ойын алаңы салынған. Заманауи үлгідегі 2 субұрқақ 2012 жылы бой көтерген әсем ғимараттың ажарын айшықтай түскен. Кешен қала тұрғындары мен қонақтарының жиі баратын демалыс орнына айналып та үлгерген.

Алаштың рухани ордасы, қасиетті өлке, келбеті көркем, келешегі кемел сүйікті қаламыз - Қызылорда күніне арналған мерекелік шаралар легі шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Сыр Ана" алаңында қорытындыланды.

Мерекелік бағдарлама қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағын берумен жалғасты. Шаһар басшысы қаланың ең жоғарғы марапаты, Қызылорда қаласының құрметті азаматы атағын 17 адамға табыстады.

Қала әкімі Қызылорданың бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына тоқталып, жыл көлемінде атқарылған тірліктерді тізбектеп, инфрақұрылым дамып, тұрғын үй құрылысының еселеп артқанын, өндіріс көлемі мен ауыл шаруашылығы саласының өркендегенін, кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып, әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізіп, қайта жаңғырту қарқын алғанын және қала бюджетінің ұлғайып 68,9 млрд. теңгеден 100 млрд. теңгеге жеткенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная