ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2023 | 13:26
Қызылордада көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Қызылорда облысында Абаттандыру, көркейту-көгалдандыру бойынша бүгінгі таңда бірқатар шаралар қолға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысында Абаттандыру, көркейту-көгалдандыру бойынша бүгінгі таңда бірқатар шаралар қолға алынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру шараларын өткізу мақсатында облыс аумағында климаттық жағдайға байланысты Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында 2023 жылдың 18 наурызы мен 20 мамыры аралығында, өзге аудандар мен Қызылорда қаласында 4 наурыз бен
6 мамыры аралығында сенбілік шараларының екі айлығы жарияланды.
Екі айға жарияланған сенбілік шаралары аймақ басшысының, зиялы қауым өкілдерінің, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің, жастардың, еріктілердің және қоғам белсенділерінің қатысуымен "Наурыз жаңару", "Таза табиғат", "Табиғатқа құрмет - отбасыдан басталады!", "Тал егу сауапты іс" сынды тақырыптарда апта сайын ұйымдастырылып өткізіліп келеді.
Биыл жоспарға сәйкес, елді мекендерді көгалдандыру бойынша облыстың климаттық жағдайына бейімделген 100 мыңға жуық бұталы ағаштар отырғызу жоспарланса, бүгінде оның 52 560 данасы отырғызылған.
Соның ішінде, Қызылорда қаласының өзіне көркейту-көгалдандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 10,7 млн. теңге бөлініп, көшелер бойына, сквер-аллеяларға, аяқ су баратын аумақтарға 7000 түп (қара тал, сыр талы, терек, клён, туя) көшет егілуде.
Тазалық акциясы басталғалы бері шараға 6000-ға жуық қала тұрғыны және 4000-нан астам мекеме қызметкерлері қатысып, 317 техника жұмылдырылды, осы арқылы 852 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, арықтар аршылып, көшелер тазартылды.
Өткен жылы қалада және оған қарасты елді мекендерде барлығы 33 дана жер асты су ұңғымасы қазылып, аяқ су жіберілді. Техникалық су жинау ұңғымасы арқылы 80 метр тереңдіктен су шығарылды. Осы игілікті іс биыл да жалғасын табуда. Яғни, алдағы күндері тағы 14 техникалық су ұңғымасы қазылып, аяқ суды қажет ететін аумақтарға су жіберілетін болады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл егу тапсырмасына сәйкес, 2021-2022 жылдары жылы 351 мың га. Фитоорманмелиорациялық жұмыстары атқарылған болса, биылғы жылы да 250 мың га. жерге сексеуіл ағашы егілуде.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен жүзеге асатын «Қазақстан ландшафтарын қалпына келтіру жөніндегі» жобасы аясында Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында 3000 га. алаңда Жасыл аймақ құру жұмыстары жүргізілді.
Облыс орталығында 60 шақырымға жуық арық жүйесі бар. Бұл қаланың 70 пайызын құрайды. Арық жүйелерін қайта қалпына келтіру, жаңа арықтар аршуға үш жылдық жоспар құрылды.
Санитарлық тазарту, көркейту – көгалдандыру және абаттандыру шаралары жалғасуда.
Айта кету керек, облыс көлеміндегі жоғарыда аталған абаттандыру, санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру бағытындағы шаралар тікелей облыс әкімінің бақылауына алынып, жүзеге асырылып келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Материал Қызылорда облысының әкімдігімен ұсынылған
Показать комментарии
Читайте также