25 желтоқсан 2021 | 17:49

Қызылордада қоғамдық көлік қызметінің сапасы артты

Қызылорда қаласында 34 бағыт бойынша қалаішілік 400-ге жуық қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда қаласында 34 бағыт бойынша қалаішілік 400-ге жуық қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді.

"Қызылорда автобус паркі" ЖШС теңгеріміндегі 60 автобус 5 бағытта жүрсе, "Ақмешіт жолаушылар тасымалы", "Арғымақ орда", "КадНұр" және "Эм Бывалый" ЖШС-серіктестіктері 29 бағытта қала халқын күнделікті тасымалмен қамтамасыз етіп отыр.

Тиісті мекеме қоғамдық көліктердің бағытқа шығуын, арақашықтығын, жұмыс кестесінен ауытқымауын сағат сайын бақылауда ұстайды және жаңа жылдан бастап әрбір автобусқа нақты уақытпен жүруін қадағалайтын арнайы құрылғы орнатпақ. 

Реклама
Реклама

Жаңа жылдың жағымды жаңалығы - 26 бағыттағы қоғамдық көліктер әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде танылып, субсидияланатын болады.

Жалпы, қоғамдық көлік қызметін сапалы ұйымдастыру бағытында  атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қызылорда қаласында қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты арыз-шағымдардың саны азайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная