Қызылордада қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды

видео кадры

Қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды. Бұл жолы Қызылордада түсірілген бейне жергілікті қоғамдық парақшаларда тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды. Бұл жолы Қызылордада түсірілген бейне жергілікті қоғамдық парақшаларда тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан екі қыздың төбелесіп жатқаны, олардың бірі жекпе-жек өнерінің бір түрін анық білетіні байқалады. Ол бар күшімен екіншісіне жұдырық жұмсап, тепкені көрінеді. Екіншісі болса аяқ киімді лақтырып, өзін қорғауға тырысады. Кейін сол маңдағы жігіт қыздарды ажыратпақ болады.

Реклама
Реклама

Төбелес полицейлер келгенде тоқтайды. Полицейлер қыздардың жеке басын анықтаған. Төбелеске қатысты тергеу басталды.

"Қызылордалық полиция қызметкерлері бұзақылық әрекетті тоқтатты. Барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама