05 наурыз 2014 12:35

Қызылордада мал тұқымын асылдандыруға мән берілуде

©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында мал тұқымын асылдандыру бағытындағы жұмыстар 2 бағытта жүргізілуде. Оның алғашқысы еліміздің өзге өңірлерінен асыл тұқымды түлік түрлерін сатып алу болса, екіншісі малдарды қолдан ұрықтандырылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Былтыр асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 900 млн. теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 3 мыңға жуық мүйізді ірі қара сатып алынды. Сонымен қатар, ветеринариялық қызметті жандандыруға мән беріліп отыр. Облыста 8 мемлекеттік ветеринариялық ұйым мен 143 бекет бар. Облыс әкімдігінің қолдауымен былтыр олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Бұл мақсатта қазына қазанынан 518,6 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Оның ішінде 143 ауылдық округтар мен аудан орталықтарында қолдан ұрықтандыру бекеттеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram