16 ақпан 2022 17:34

Қызылордада мүгедек әкесіне күтім жасаған егіз Қазнетті сүйсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Facebook әлеуметтік желісінде 3 жасар егіз ұл мен қыздың мүгедек әкесіне күтім жасағаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook әлеуметтік желісінде 3 жасар егіз ұл мен қыздың мүгедек әкесіне күтім жасағаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда балалардың мүгедек арбасына таңылған әкесінің бетін жуып, сүлгімен абайлап сүртіп, содан кейін қасықпен тамақтандырғаны көрсетілген. Видеоның кейіпкері - Қызылорда облысына белгілі ақын, бала кезінен церебральды сал ауруына шалдыққан Нұрмұхаммед Әбілқасымов. 

"Видеоны менің жұбайым Әйгерім түсірді. Ал оның сіңлісі Жұлдыз монтаждап, әлеуметтік желіге салды. Видеоны түсірудегі мақсатымыз халықтан ақша жинау емес. Менің видеомды түрлі әлеуметтік желілерде бөлісіп, менің атымнан ақша жинағандар ашуыма тиді. Мен мұны ақша үшін жасамадым", - дейді Нұрмұхаммед.

Реклама
Реклама

Нұрмұхаммед 43 жаста. Жұбайы Әйгерім екеуі егіз ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Олар екі жарым жаста. 

"Қызым өте икемді, тез әрекет етеді. Шөлдеп кеттім десем, бірден бір стақан суға жүгіреді. Ұлым қызымдай қамқор емес (әйтеуір ұлдар көшеде көбірек ойнағанды ​​ұнатады) бірақ қол-аяғым ауырады десем, қатты құшақтап, уқалайды. Осындай отбасым барына өте қуаныштымын!" – дейді Нұрмұхаммед Әбілқасымов.

Нұрмұхаммедтің әкесі Қанатбек Әбілқасымов ұлына ештеңе керек емес екенін айтады.

"Сегіз жыл бұрын оған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек Көшербаев Тасбөгет кентіндегі жаңа үйден 2 бөлмелі пәтер сыйлаған болатын. Оған қоса туған жеріміз Шіркейлі ауылынан үй салдық", - дейді ол.

Нұрмұхаммед Әбілқасымов бала күнінен сал ауруына байланысты төсекке таңылған. Бірақ сырқатына қарамастан ұялы телефонымен аузына қалам алып өлең жазады. Ол екі кітаптың авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram