26 тамыз 2022 | 15:08

Қызылордада сәбиді құтқарып қалған жасөспірімге пәтер кілті табысталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Әлеуметтік желіден

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев екі жасар сәбиді құтқарып қалған 15 жастағы Арман Аманжоловқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев екі жасар сәбиді құтқарып қалған 15 жастағы Арман Аманжоловқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сый облыстық Тамыз педагогикалық кеңесінде салтанатты түрде табысталды. Аймақ басшысы жас батырға ерекше алғысын білдірді және бұл пәтер демеушілер атынан берілетінін атап өтті.

"Қарапайым ауыл баласының бұл ерлігі өзі сияқты балаларға үлгі болсын, елімізде мұндай азаматтар көп болсын. Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтамыз. Сіз нағыз батырсыз!" – деді аймақ басшысы пәтер кілтін табыстап.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалған.

Арман Қызылордаға Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы - электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная