ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2018 | 17:09
Қызылордада "Шалқия цинк" АҚ тау-кен байыту комбинатының іргетасы қаланды
"Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында іске асырылып жатыр. Толық іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 4 миллион тоннаға дейін кен өндірілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында іске асырылып жатыр. Толық іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 4 миллион тоннаға дейін кен өндірілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А.С. Айдарбаев облысқа жұмыс барысы аясында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевпен бірге "Шалқия" кен орнындағы кен байыту комбинатының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Сонымен бірге, Қызылорда облысы әкімдігі, "Шалқия Цинк ЛТД" АҚ және "Доберсек" неміс компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
"Аталған жоба Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылғанын атап өткім келеді. Жобаны іске асыру Сыр өңірінің экономикасын дамыту ғана емес, республика экономикасын дамытуға қызмет ететін болады. Болашақта мұнда ресейлік жоғары оқу орындарындағы түлектеріміз бен жергілікті тұрғындар арасынан мамандар жұмысқа орналасады", - деді облыс әкімі Қ. Көшербаев.
"Қаржыландырудың барлық мәселелері шешілді, келесі кезекте - тау-кен келісімшарты және жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жоба мерзімінде және тиімді жүзеге асырылады деп үміттенемін, бұл біздің ортақ міндетіміз деп санаймын", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев.
2016 жылдың мамыр айынан бастап кен орнында кен байыту комбинатының құрылысына дайындық жұмыстары басталған болатын. "Шалқия" кен орнында кен байыту комбинатының құрылысы жобасы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында жүзеге асырылуда. Жоба құны - 650 миллион АҚШ доллары. Кәсіпорында құрылыс кезеңінде 1,0 мыңға жуық, ал іске қосылғаннан кейін 1500 астам жаңа жұмыс орны құрылады.
Кәсіпорын кенді вертикальды-конвейерлік әдіспен байыту және өндіру бойынша инновациялық әдісті қолданады.
Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкімен қаржыландырылады.
Атап өту қажет, ағымдағы жылы 2 қазанда Лондон қаласында "Тау-Кен Самрұқ" АҚ және "Доберсек" неміс компаниясы арасында "Шалқия" кен орнында кен байыту компаниясының құрылысын жүргізу туралы ЕРС-келісімге қол қойылды.
Шалқия – JORC классификациясы бойынша көлемі әлемде дәлелденген және ықтимал қорлар бойынша 5 орындағы және мырыш қоры 6,5 миллион тоннаны құрайтын қорғасын-мырышты кен орны болып табылады. Сонымен қатар, BrookHunt зерттеуші компаниясының мәліметі бойынша Шалқия кен орнындағы мырыш қоры Қазақстан Республикасындағы барлық мырыш қорының 30 пайызы. Аталған кен орнын игеру мырыш нарығында ірі компаниялардың бірі болуға және үлкен көлемде қорғасын өндіруге мүмкіндік береді.
Мұнан соң "Қазгермұнай БК" ЖШС-нің ахуалдық орталығы болды, онда делегация "Ақылды кен орны" цифрлық технологиясын енгізу жұмысымен танысты.
Бұл технологияны енгізу нәтижесінде мұнай өндіру көлемін 1-2 пайызға, жөндеу аралық кезеңін 700 күнге дейін ұлғайту, операциялық шығындарды 10 пайызға төмендетуге және басқарушылық шешімдердің тиімділігін 20 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
Показать комментарии
Читайте также