Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды

Қызылордада тағы бір елді мекен табиғи газға қосылды Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде Ақжарма ауылына газ қосу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шарада аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Жарнама
Жарнама

"Мемлекет басшысы ауылдарға инфрақұрылым жеткізуге ерекше көңіл бөлуде. Бүгін Сіздер көптен күткен, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігіне жаңа тыныс беретін табиғи газ қосуға жиналдық. Бұл жобаға бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылы Нағи Ілиясов, Шаған ауылдарына газ қосылып, ел игілігін көруде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Егемен еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", - деді аймақ басшысы.

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, естелік сыйлық табыстады.

Өңірде 2022 жылдан бері 65 млрд. теңгеден астам қаржыға 77 газдандыру жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде облыс халқын газдандыру деңгейі 83 пайыз болды.

Биыл жыл соңына дейін 10 елді мекенге көгілдір отын қосылып, қамту деңгейі 85 пайызға жеткізіледі. Жақын күндері Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі, Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарын газдандыру басталады.

Сапар барысында аймақ басшысы Ақжарма, Шаған, Іңкәрдария, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Суреттер: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтылып, жиналған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қызылорда облысының әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама