14 мамыр 2023 15:56

Қызылордада төбелесіп, бір-біріне оқ атқан күдіктілер ұсталды

Фото: pixabay.com

Қызылордада үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылордада үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді құрықтады. Олар үй ауласында төбелесіп, бір-біріне оқ атқан.

13 мамыр күні таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Реклама
Реклама

Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп қалып, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды.

Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында құрықталды.

Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.

Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram