04 шілде 2021 | 11:22

Қызылордаға жақын жердегі АН-2 ұшағының құлауы: қылмыстық іс қозғалды

Фото: pixabay.com

Қызылордаға жақын жерде АН-2 ұшағының құлауына байланысты тергеу басталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордаға жақын жерде АН-2 ұшағының құлауына байланысты тергеу басталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ан-2 ұшағының апатты қонуына байланысты 344-баптың 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өзге ақпарат Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін Қызылордаға жақын жерде АН-2 ұшағы құлағаны хабарланған болатын.

4 шілдеде шамамен сағат 07.00-де Қараұлтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш алқаптарын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады. Техникалық ақауларға байланысты ұшудан бірнеше шақырым өткен соң, мәжбүрлі қону кезінде ұшақ тікелей алаңға құлады.

Ұшақта 1954 және 1967 жылғы екі ұшқыш отырған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ұшақ "Илиса" ЖШС-не тиесілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная