31 қаңтар 2019 | 12:17

Қызылордалық браконьерді видеоға түсіріп, өлтірілген қояндарды санауға мәжбүрлеген

видеодан үзінді

Қызылорда облысында заңсыз қоян аулаған браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Сәкен Ділдахмет мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында заңсыз қоян аулаған браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Сәкен Ділдахмет мәлімдеді. 

1989 жылғы күдіктіні 2019 жылы 25 қаңтарда Қызылорда облыстық Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі өңірлік инспекциясы мен Қармақшы аудандық "Охотзоопром" ӨБ" РМҚ қызметкерлері ұстаған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ведомство өкілдері өз парақшасында ұсталған күдіктінің кім екенін айтып, өлтірілген қоянды санауға мәжбүрлеген видеоны жариялады. 

"С.Н. басқарған "УАЗ" маркалы автокөлігінен 94 өлі қоян табылды, оның 64-і тазаланған. Күдікті өз кінәсін мойындады, жиналған құжаттар мен дәлелдер Қармақшы аудандық полициясына тапсырылды", - деп хабарлады Ділдахмет. 

Осы дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша іс қозғалды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная