16 мамыр 2020 11:12

Қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды

Фото ғаламтордан алынған

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында қызылордалық көпбалалы ана баспаналы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мереке қарсаңында 4 баланың анасы Гүлнар Қалибаеваға баспана кілтін табыстап, отбасын қуанышқа бөледі.

Реклама
Реклама

Гүлнар осыдан бірнеше жыл бұрын отағасынан айрылып, 4 баламен жалғыз қалған. Асыраушысынан айрылған отбасының тұрақты баспанасы болмағандықтан пәтер жалдап тұрып келген. Соңғы кезде шарасыздықтан вагонды паналаған.

Бұл жанұя туралы алғаш болып жергілікті журналистер мен қайырымды жандар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желіде мәселе көтеріп, көпшіліктен көмек сұраған. Осы жағдайдан кейін, облыс әкімінің тапсырмасымен көпбалалы ана әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылса, бүгін тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды.

Отбасы мерекесі қарсаңында баспана бақытына бөленген Гүлнар мен балалары аймақ басшысына шексіз алғыстарын білдірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram