12 ақпан 2014 10:18

Қызылордалықтар онкологиялық ауруларға жиі шалдығады

Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысында онкологиялық ауруларға шалдыққан тұрғындардың басым бөлігін жұмыс істеуге қабілетті 25-55 жас аралығындағы адамдар құрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста өткен жылы жаңадан 1015 адамнан онкологиялық ауру түрлері анықталса, 662 науқас өмірден өткен. Осыған байланысты бүгінде 6 түрлі онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында скринингтік тексеру жұмыстары емханаларда тегін жүргізілуде. Дәрігерлер тұрғындардың көп жағдайда емделуге кеш келетінін айтады. Сондықтан олардың өмірін сақтап қалу қиынға түседі екен. Сол себепті дәрігерлер азаматтардан өз денсаулығына салғырт қарамауға шақырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram