24 желтоқсан 2019 17:23

Қызылордалықтарды алдап, 3 миллион теңге алып кеткен алаяқ ұсталды

Қызылорда қаласының тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда қаласының тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың қыркүйек айында азамат Ж.С. Атырау қаласында орналасқан "Тенгиз-Шевройл" ЖШС-не түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырып беремін деп бірнеше қала тұрғындарын алдап, алаяқтық жолмен ақшаларын иемденген.

Реклама
Реклама

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын - 3 454 200 теңге. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталыды. Ол кінәсін толығымен мойындады.

Оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағымен сараланып, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қалалық сотының 2019 жылы 3 маусымдағы үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram