Қызылтастан Кенигсбергке дейін барған: Қазақстанда 101 жастағы ардагер қайтыс болды

Қызылтастан Кенигсбергке дейін барған: Қазақстанда 101 жастағы ардагер қайтыс болды Құрмет Рахимов. Tengrinews.kz фотосы

Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимұлы Рахимов дүниеден озды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимұлы Рахимов дүниеден озды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ басшысы Facebook парақшасында көңіл айтты.

"Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр тұлға, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, полковник шенінде зейнетке шыққан, ғасырдан астам ғұмыр кешкен Құрмат Рахимұлы Рахимовтың дүниеден озуына байланысты көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!" - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 2025 жылдың наурызында Өскеменде Ұлы Отан соғысы мен ІІМ ардагері Құрмат Рахимовтың құрметіне мурал пайда болған еді, оның ашылуы ардагердің 100 жылдығына орайластырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама