Kyzdar.net сайты арқылы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан әйел анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған. Қазір бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін интим қызметті жарнамалаған Kyzdar.Net сайтының парақшасын жүргізгендер ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама