Лас ыдыстар және зең басқан қабырға: Алматыда ата-аналар мектеп асханасына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыдағы №65 мектеп-гимназиясы оқушыларының ата-аналары асханадағы антисанитарияға шағымданды. Қалалық білім басқармасының қызметкерлері мектепте тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы №65 мектеп-гимназиясы оқушыларының ата-аналары асханадағы антисанитарияға шағымданды. Қалалық білім басқармасының қызметкерлері мектепте тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп оқушыларының ата-аналарының бірі мектеп асханасынан түсірілген бейнежазба мен суреттерді жариялады. Онда кір ыдыстар, зең басқан қабырға, сондай-ақ дайын тамақты жеткізуге арналған ластанған лифт көрсетілген.

Реклама
Реклама

Ата-аналар мектеп асханасына қызмет көрсететін жеке кәсіпкердің жұмысын тексеруді сұрап, прокуратураға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жүгінген.

Тексеру нәтижелері

Әлеуметтік желілердегі ашулы ата-аналардың жазбасына Алматы білім басқармасы жауап берді.

"КММ "№65 мектеп-гимназия" директорына мектепішілік бақылаудың әлсірегені үшін ҚР Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолданылды", – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, Білім басқармасы бұл факт аудандық СЭС-ке жеткізілгенін, ал ыстық тамақ жеткізушісіне қатысты тиісті шаралар қабылданатынын нақтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама