03 наурыз 2021 | 09:14

Латын қарпіне көшу: қазақстандықтар құжаттарын ауыстыруы керек пе?

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Ішкі істер министрлігі "Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне байланысты құжаттарды өзгерту қажет пе?" деген сұраққа жауап берді. Әзірше латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде тұр. Бірақ билік қазірден бастап Қазақстанда жаңа әліпби бойынша адам есімі мен тегін жазу ережелерін әзірлейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі "Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне байланысты құжаттарды өзгерту қажет пе?" деген сұраққа жауап берді. Әзірше латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде тұр. Бірақ билік қазірден бастап Қазақстанда жаңа әліпби бойынша адам есімі мен тегін жазу ережелерін әзірлейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі тілшіміздің ресми сауалына берген жауабында қазақстандықтардың төлқұжатын, жеке куәлігі мен басқа да құжаттарды мемлекеттік тілде латын графикасы негізінде беру 2025 жылға дейін жоспарланғанын атап өтті.

"Латын әліпбиіне көшсек, жеке басты куәландыратын құжаттар адамдардың өтініші бойынша ауыстырылады. Бұған дейін алынған құжаттар қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады", - деп атап өтті министрлік өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомстводағылар қазіргі уақытта латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау кезеңінде екенін айтты.

Бұған дейін мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов 2021 жылы Қазақстанда тұрғындардың аты-жөнін латын графикасындағы әліпби бойынша жазу ережелерін әзірлеу жоспарланғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, географиялық нысандар мен олардың бөліктерінің атауын латын графикасы негізінде стандарттауды әзірлеу жоспарда бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная