ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қараша 2023 | 17:03
Лаура Мырзағали Талғардағы аурухана басшысы қызметінен шеттетілді
A-Class Medical сенімді басқарушы компаниясы Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры Лаура Мырзағалиді қызметін атқарудан шеттетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лаура Мырзағалидың қызметтік тергеуге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді.
"Шешім жергілікті интернет-қауымдастықтар парақшасында ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Шеттетудің мақсаты - Талғар ОАА медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің бейтараптығын қамтамасыз ету", - деп хабарлайды Талғар аудандық орталық ауруханасы.
Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған деректер мен мән-жайды талдайды.
"Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік қағидаттарының сақталуына кепілдік береді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также