Лавров Назарбаев пен Путиннің келесі кездесуі қашан өтетінін айтты

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Ресей Федерациясыны? президенті Владимир Путинмен Сочиде кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы РФ-ны? сырт?ы істер министрі Сергей Лавров Астанада?ы сапары кезінде м?лімдеді. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен Сочиде кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы РФ-ның сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанадағы сапары кезінде мәлімдеді. 

"Жақын арадағы кездесу Сочиге белгіленген. Ол жерде ТМД елдері басшыларының кеңесі және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өтеді", - деді Лавров ҚР СІМ-мен ресми келіссөздер алдында. 

ТМД атқару комитетінің ақпараты бойынша, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы басшыларының келесі отырысы 2017 жылдың 11 қазанында өтеді. Онда саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар және өзге де басты бағыттар бойынша келіссөздер өтеді. 

Реклама
Реклама

Сонымен бірге, ТМД аясындағы өзара ықпалдастық, ондағы төрағалық пен келесі Кеңесті өткізу орны талқыланады. 

Еске салайық, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен Қазақстанда жүр. Іссапар барысында Сергей Лавров ММХҚИ түлектерінің IV Халықаралық форумына қатысты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама