18 ақпан 2022 17:28

Лай су көлге құйылып жатыр: Rixos Aktau тексеріледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Бес жұлдызды Rixos Aktau қонақүйі Қаракөл көліне лай су құйылып жатыр деген даулы видеодан кейін жоспардан тыс тексерілмек. Бұл туралы Маңғыстау облысының экология департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес жұлдызды Rixos Aktau қонақүйі Қаракөл көліне лай су құйылып жатыр деген даулы видеодан кейін жоспардан тыс тексерілмек. Бұл туралы Маңғыстау облысының экология департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қыста қызғылт қоқиқаздар ұшып келетін Қаракөл көліне лай су қалай құйылып жатқанын түсіріп алған. Ол жақын маңдағы демалыс орталықтары мен қонақүйлер, соның ішінде бес жұлдызды Rixosта пайдаланған суын көлге құйып жатқанын айтты.

"Rixos қонақүйін жоспардан тыс тексеру басталды. Біз судың барлық ингредиенттеріне, белгіленген норматив қалай сақталатынына талдау жасадық. Объективтілік үшін комиссияға қоғамдық ұйымдар мен үш уәкілетті органның мамандарын енгіздік: бұл балық инспекциясы, орман-аңшылық шаруашылығы және су инспекциясы", - деді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Түкеновтың мәліметінше, олар Қаракөл көлінің маңында орналасқан басқа да демалыс базаларын тексереді.

"Екінші тексерілетін "Сая" демалыс базасы. Бұл демалыс орнынан көлге қарай ағатын жерасты суы, емдік мақсатта пайдаланатын радон суы екенін анықтадық. Қазір біз оның қаншалықты заңды немесе заңсыз екенін талдаймыз. Жақын арада жоспардан тыс тексеріп, тиісті шаралар қабылдаймыз. Қаракөлге ағынды суларды ағызудың басқа дерегі жоқ", - деді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram