ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2022 | 14:15
Лай су көлге құйылып жатыр: Rixos Aktau видеоға қатысты пікір білдірді
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қыста қызғылт қоқиқаздар ұшып келетін Қаракөл көліне лай су қалай құйылып жатқанын түсіріп алған. Ол жақын маңдағы демалыс орталықтары мен қонақүйлер, соның ішінде бес жұлдызды Rixos та пайдаланған суын көлге құйып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қыста қызғылт қоқиқаздар ұшып келетін Қаракөл көліне лай су қалай құйылып жатқанын түсіріп алған. Ол жақын маңдағы демалыс орталықтары мен қонақүйлер, соның ішінде бес жұлдызды Rixos та пайдаланған суын көлге құйып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрине, туризмді дамытып, бизнеске жағдай жасау керек екенін түсінемін, бірақ инвесторлар өз ісін өркениетті елде жүргізіп жатқанын ұмытпауы керек. Бәрін адамгершілікпен істеуге болмай ма? (...) Бұл мәселе біздің жергілікті кәсіпкерлерге, демалыс орындарының, санаторийлердің және т.б. иелеріне де қатысты. Әркім бұл көлге артық қалдықтарды төгіп жатыр", - деп жазды Сәрсенбаев видео сипаттамасында.
Rixos Water World Aktau қонақүйі көлге қандай су құйылатынын түсіндірді.
"Rixos Water World Aktau қонақүйінің басшылығы Ақтау қаласындағы "Aktau Resort Hotel монофункционал қонақүй-туристік кешенінің құрылысы, I кезек" жобалық құжаттамасына сәйкес Rixos Water World Aktau қонақүйіндегі сарқынды сулар Rixos Water World Aktau қонақүйінің аумағында орналасқан тазарту станциясына жіберіледі деп мәлімдейді. Көп кезеңді тазартудан (физикалық, биологиялық сүзгілеу, дехлорлау жүйесі, кері осмоспен тазарту) және зарарсыздандырудан кейін су Қаракөл көліне жіберіледі. Су бұруға жобалық құжаттамалар үшін оң қорытындылар алынды. Қорытынды құрамында бұдан басқа эмиссияға (тазартылған суды Қаракөл көліне ағызу) рұқсаттар бар", - деді қонақүй басқарушысы Серік Исағалиев.
Басшының айтуынша, сулар Ақтау қаласының тазарту орнына арнайы көлікпен тасымалданады.
Rixos Water World Aktau Каспий теңізінің жағасында, Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Қаракөл көліне су ағызу дерегін тексеретінін хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также