05 мамыр 2020 17:31

Ләззат Рамазанова Қазақстан Әйелдер ісі комиссиясының басшысы болып тағайындалды

Лаззат Рамазанова © atameken.kz

Ләззат Рамазанова Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ләззат Рамазанова Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап. 

Тоқаев 2006 жыл 1 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" №56 жарлыққа өзгеріс енгізді. 

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

"Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы - Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға";

"Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы - Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)"" деген жол алып тасталсын;

аталған Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова шығарылсын", - делінген құжатта. 

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram