18 мамыр 2022 | 08:44

Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді

© РИА Новости

Жақында Алматыдағы ХҚКО-да жүрген кеңес және ресейлік эстрада әншісі Лев Лещенко Teleprogramma басылымына Қазақстанға не үшін келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жақында Алматыдағы ХҚКО-да жүрген кеңес және ресейлік эстрада әншісі Лев Лещенко Teleprogramma басылымына Қазақстанға не үшін келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен өзімнің досым, бұрынғы премьер-министрдің туған күніне бардым. Отырып қайттық, болды. Бір шеті ХҚКО-ға белгілі бір операцияны орындауға келдім. Ал қазір мені сонда қалады деп жатыр. Жоқ, мен "Байқоңырдан" Марсқа ұшып кетуге құжаттар дайындадым. Қазақтар келісіп қойған!

Енді бұл ақымақтық қой, түсініп тұрған шығарсыздар. Бүгін мен Колонна залында Александра Николаевна Пахмутовамен Пионерия күнін жабу салтанатына қатысамын", - деді Лещенко. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде әнші ХҚКО-да жүрген суреттер тараған болатын. Қолданушылар әртіс мемлекеттік қызмет түрі мәселелері бойынша келгенін жазған. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная