ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2018 | 15:17
Lexus, Kia, Audi: Астана әкімдігі қандай көліктерден бас тартты
Астана әкімдігіндегілер мемлекеттік қызметкерлер мінген қандай маркадағы автокөліктер қай ұйымдарға берілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана әкімдігіндегілер мемлекеттік қызметкерлер мінген қандай маркадағы автокөліктер қай ұйымдарға берілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әкімдік балансында болған автокөліктер қалалық ауруханаларға, балабақшаларға, колледждерге, мектептерге, ІІД-ге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына, қалалық прокуратураға, қарттар үйіне, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедек балалар үйіне, Әлеуметтiк бейiмдеу орталықтары, перинаталдық орталықтарға, наркология және психдиспансерлер мен тағы басқа мекемелерге берілді.
Әкімдік балансында әр түрлі көлік маркалары болды. Олардың көбі SkodaSuperb (2011-2013 жылдары аралығында шығарылған көліктер), SkodaOctavia (2012-2016 ж.ш.), KiaCerato (2013), ToyotaCamry (2008-2011), AudiA8 (2011) және тағы басқалары.
Сонымен қатар, астаналық әкімдіктің балансында 3 Lexus болған - Lexus Lx 570 Астана қалалық полиция департаментіне берілді. Lexus Lx - 470 "Елорда Даму" ЖШС қызметкерлері алды. Lexus Lx 570 "Астана шаруашылық басқармасы" ЖШС-ға берілді.
Показать комментарии
Читайте также