Lexus жүргізушісіне Алматы әкімдігінің Instagram желісінде шағымынан кейін айыппұл салынды

Instagram желісінен

Lexus ж?ргізушісіне ?леуметтік желіде ша?ым т?скеннен кейін айыпп?л салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?аласыны? ІІД жергілікті полиция ?ызметіне сілтеме жасап. 

Lexus жүргізушісіне әлеуметтік желіде шағым түскеннен кейін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері алматылық әкімдіктің Instagram желісінде жариялаған жазбасына назар аударды. 

"Бөгенбай батыр мен Пушкин көшелерінде жол қозғалысы ережесін бұзып, жаяу жүргіншілердің жолын жапқан Lexus маркалы қара түсті автокөліктің жүргізушісі кім екені анықталды", - делінген жергілікті полиция қызметінің таратқан хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Жүргізушінің әрекеті жол қозғалысы ережесін ҚР Әкімшілік құқықтың 597-бабы 1-бөлігі бойынш бұзды деп танылып, 10 АЕК (21 210 теңге) айыппұл салынды", - деді Алматы қаласы ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков. 

Полицейлер тұрғындардан осындай жол қозғалысы ережесін бұзғандар туралы мәліметтерді хабарлап тұруды өтінді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама