21 қазан 2022 08:51

LG зауыты Ресейден Қазақстанға көшуі мүмкін - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техника өндіруші LG Ресейдегі зауытын жауып, өндірісті Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Басылым мәліметінше, LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр. Қазір компания қоныс аударатын жер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан нұсқаларын таңдап жатыр.

Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Өндірістің Өзбекстанда ашылуы арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек, бірақ Қазақстанда төлем қабілетті тұтынушылар көп дейді мамандар.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram