23 мамыр 2023 | 09:51

Life is good және Hermes: БҚО-да қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24 пайыздан 54 пайызға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында Life is good және Hermes жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастыруға күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық депаратменті тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында жеке тұлғалардан 24 пайыздан 54 пайызға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында Life is good және Hermes жобалары бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастыруға күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық депаратменті тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, тартылған қаражат көлемі 120 миллион теңге болған.

"Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Егер сіз не жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексеңіз, ҚМА саll-орталығына хабарласу ұсынылады.

Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная