Лимана Қойшиева президенттікке өзін-өзі ұсыну шешімі жөнінде пікір білдірді

Фотосурет Лимана Қойшиеваның жеке мұрағатынан

Лимана Қойшиева Tengrinews.kz тілшісіне кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі ұсыну шешімі туралы айтып берді. 

"Қазақстан азаматшасы, патриоты, елде өз балаларын тәрбиелеп отырған ана ретінде менің де Отанымызға қатысты арман-тілектерім бар. Мен бұл арман-тілектер отандастарымның, атап айтқанда, әйелдердің, аналардың тілегімен ұштасып жатыр деп ойлаймын. Менің шешімім бұл арманға сәл де болса жақындатады және ел өміріне, халықтың санасына ықпал етеді деп үміттенемін", - деді ол. "Әйел - бейбітшілік пен қайта өрлеудің символы. Ана үшін бірлік, келісім, тұрақтылық деген ұғымдар аса маңызды", - деді Қойшиева. 

Лимана Қойшиеваның екі жоғары білімі бар. Ол әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет педагогикалық институтын "әдіскер-ұйымдастырушы" мамандығы бойынша және Тараз мемлекеттік педагогика институтының педагогика және психология факультетін тәмамдаған. Өзін-өзі ұсынушы ешқандай партияға мүше емес, орыс және қазақ тілдерін жетік меңгерген. 

Реклама
Реклама

Қойшиева тұрмыс құрған, ұлдары бар. "ҚР президенті сайлауына өз кандидатураңызды ұсынғаныңызға отбасыңыз қалай қарады?" деген сауалға ол: "Мен өзімнің барлық шешімімді отбасыммен ақылдасып аламын. Олар мені қолдады", - деп жауап берді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама