14 қазан 2024 | 09:40

Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл. Қазақстандық офицерлердің жағдайы қалай?

Фото: un.org

Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына негізгі қақпаны танкпен қиратып басып кіріп, 15 сарбаз жараланған. ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасына негізгі қақпаны танкпен қиратып басып кіріп, 15 сарбаз жараланған. ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлер - үш штабтық офицер штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Жағдайдың шиеленісуі олар қызмет ететін орыннан алыста екені айтылды.

"Жағдай шиеленіскен жағдайда қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығы және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста", - деді ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Израиль армиясы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік базасына басып кірген кезде кем дегенде 15 адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын.й

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная