ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2019 | 19:39
Ілияс Кардың ісі бойынша куәгер өз сөзінен айныды
Ілияс Кардың ісі бойынша сот отырысында куәгердің бірі тергеу барысында айтқан өз сөзінен айныды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот отырысынан.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ілияс Кардың ісі бойынша сот отырысында куәгердің бірі тергеу барысында айтқан өз сөзінен айныды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот отырысынан.
Ілияс Карға жол ережесін бұзды, соның салдарынан абайсызда үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасады және апат болған жерден қашып кетті деген айып тағылған.
Сот отырысының бірінші күні сотталушының жары Альбина Ментянова және оның туысы Карим Таласан және оның жары Әсел Талассан жауап берді. Олар желтоқсанның 28-нен 29-на қараған түні Ильяс Кармен бірге "Дархан" мейрамханасында жаңажылдық корпоративте болғандарын, сосын Grand Opera караоке де барғандарын айтқан еді. Үшеуі де сол күні сотталушының ішімдік ішпегенін айтқан. Олардың айтуынша, алты жыл бұрын Кардың онкологиялық аурумен ауыратыны анықталып, сол себепті ішімдік ішуді тыйған.
Екінші күні сотқа Ілияс Кардың досы - Шәкір Жумазов келді, ол онымен бірге корпоративте бірге болған. Прокурор оның сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабын еске салды.
"Сіз былай дедіңіз: "Ілияс ішімдік ішті, бірақ қанша мөлшерде екенін білмеймін. "Дархан" мейрамханасында мен онымен шамамен 100-200 грам арақ іштім. Осыдан кейін Grand Opera караокесінде Ілияспен тағы бірнеше рөмке іштік. Ілияс масаң күйде болды, бірақ мас емес еді, себебі ол болып жатқан жағдайдың барлығын адекватты түрде өзін ұстады", - деп оқыды Шәкір Жумазовтың жауабын мемлекеттік айыптаушы Тимур Шамои.
Алайда куәгер сұрау алған күні өзін жайсыз сезінгенін айтып ақталды. Оның айтуынша, ол мас болған және өзінің айтқандарымен толық таныспаған.
"Ілияс сол күні көңілді жүрді, сол себепті мен оны масаң күйде деп ойладым. Мен өз жауабыма қол қойдым да, толық оқымастан кетіп қалдым. Жауап берер алдында мен сыра іштім, сол себепті менің басым ауырып тұрды. Ол менімен ұстақан соғыстырды, бірақ мен оныңне ішкенін білмеймін", - деді Шәкір Жумазов.
Айта кетейік, осыған дейін Ілияс Кар сот отырысында өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді.
Сотталушы Ілияс Кар. © Шоқан Алхабаев
Мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін судья Роман Селицкий сотталушыдан өзіне тағылған айыптармен келісе ме деген сұрақ қойды.
"Кінәмді жартылай мойындаймын. Менің мас күйде болғаным туралы мәліметті мойындамаймын. Оқиға орнынан қашып кетейін деген ойым болған жоқ. Мен сол жерде болдым", - деді Ілияс Кар.
Еске салайық, бүгін, 12 ақпанда Алматыда Ілияс Кардың соты басталды.
Сотталушы жол жүрісі ережесін бұзды мен абайсызда үш адамның қаза болуына себепші болды және апат орнынан кетіп қалды деп айыпталып жатыр. (ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі және 347-бабы).
Еске салайық, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы өткен жылдың 29 желтоқсанында болға еді. Алматыдағы Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында Mercedes Gelandewagen автомобилі Mitsubishi Galant көлігін соққан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, бордюрге тірелген. Кейінірек оқиғаның видеосы жарияланды.
Жол апаты салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі - актриса Шолпан Елгезекова. Тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. 3 ақпанда ол ауруханадан шығарылды.
Уақыт өте марқұмдардың бірінің туысы Айдана Шаяхметова сараптама қорытындысы бойынша Gelandewagen жүргізушісі Ильяс Кардың ішімдік ішкені расталмай отырғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, құжаттарға сәйкес, ол полицияға өзі келген делінген.
Алайда полиция бұл мәліметтерді жоққа шығарды - тергеу мәліметінше, жол апаты болған жерден Ильяс Кар мас күйде жаяу кеткен. Ол бір тәуліктен кейін ұсталған.
Показать комментарии
Читайте также