"Логикаңызды түсінбедім" - судья Бишімбаевқа сұрақ қойды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша сотта Бишімбаевтың телефонын тексеру жалғасты. Атап айтқанда, оның WhatsApp желісіндегі кейбір хабарламалары оқылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Бишімбаевтың ісі бойынша сотта Бишімбаевтың телефонын тексеру жалғасты. Атап айтқанда, оның WhatsApp желісіндегі кейбір хабарламалары оқылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 қарашада Салтанат қайтыс болған күні сағат 15:03-те Бишімбаев шымкенттік көріпкел танысына Нүкенова мүсәтірге оянбағанын жазған. Ол таң атқанша ұйықтайды деп жауап берген. Сағат 19:24-те Бишімбаев көріпкелге қайта хат жазып, Нүкенованың жағдайын сұраған. Жәбірленушілердің адвокаттары 15:27-де Бишімбаев әйелінің мүсәтірге оянбағанын білгенімен, жедел жәрдем шақырмағанын айтты.

Бұл ретте судья "логикаңызды түсінбедім, бірнеше мың шақырымда тұратын адамнан оның жағдайын сұрайсыз, сіз өзіңіз көрмедіңіз бе?" деп сұрады. Бишімбаев көріпкелге сенетінмін деп жауап берді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная