ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2020 | 14:30
Логопед-дефектолог балалардың неге кеш сөйлеуі мүмкін екенін түсіндіреді
Баланың егжей-тегжейлі сөйлеуі қай жастан бастап қалыптасуы керек? Ата-аналар қандай жағдайда дабыл қағып, маманға хабарласуы керек? Неліктен үш жасқа дейінгі балаларға смартфон беру ұсынылмайды? Осы және басқа да сұрақтарға I-BALAQAI жобасының эфирінде жоғары білік санатындағы логопед-дефектолог Аида Дәдібаева жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Мамандар тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер береді.
Бүгін 19 қарашада сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналынан қараңыздар. Эфир қонағы "Баланың сөйлеуін дамыту" тақырыбында әңгімелейді. Аида Дәдібаева, сонымен қатар, ата-аналарға балалардың сөйлеу кемістігін түзету бойынша ұсыныстар айтады.
"Тичь и Спич" логопедия және коррекция орталығының директоры Аида Дәдібаева церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған сөйлеу мектебінде жұмыс істеген және жеке практикамен айналысқан. Алматы логопедтер мен дефектологтар қауымдастығының мүшесі.
Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также