25 шілде 2016 11:28

Лондонда мас күйінде көлік жүргізді деп айыпталған қазақстандық дипломаттарға қатысты түсінік берілді

© Tengrinews.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер осыған дейін ұлыбританиялық ақпарат құралдарында "қазақстандық мәмілегерлердің мас күйінде көлік жүргізгені үшін айыпталғаны" туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді. The Telegraph басылымының мәліметінше, бұл ақпарат туралы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Борис Джонсон мәлімдеді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында көлікті мас күйінде жүргізу туралы деректің бар екендігін, бірақ көлікте мәмілегер емес, ҚР елшілігінің техникалық қызмет көрсететін қызметкері болғанын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram