LRT Қосшыға дейін созылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

Астанадағы LRT-ның келесі тармағы Қосшы бағытына қарай жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы LRT-ның келесі тармағы Қосшы бағытына қарай жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, күн сайын Қосшыдан Астанаға 15-тен 20 мыңға дейін автомобиль кіреді, бұл қала жолдарына үлкен жүктеме түсіреді.

"Қосшы қарқынды дамып келеді, ол - Астанаға көмектесіп отырған ірі серіктес қала. Сондықтан Қосшы мен Астана арасында белсенді қатынас бар, келесі кезеңді осы бағытта салуды жоспарлап отырмыз", - деді әкім.

Реклама
Реклама

Қасымбектің айтуынша, бұл жобаның екінші кезеңнің бір тармағы ғана. Екінші тармағы Сығанақ көшесі арқылы Тұранға, әрі қарай қаланың ескі бөлігіне – ескі теміржол вокзалына дейін өтеді. Қосшыға баратын бөлігін бір жарым жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, әкім Қосшы бағытына қарай жүретін желінің бір бөлігі жер үстімен өтетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама