18 желтоқсан 2019 | 16:28

LRT құрылысында 1,2 миллиард теңге үнемделді - Алтай Көлгінов

© astana.gov.kz

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов есеп беру баспасөз жиынын өткізіп, онда жеңіл рельсті LRT құрылысының жұмыстары туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов есеп беру баспасөз жиынын өткізіп, онда жеңіл рельсті LRT құрылысының жұмыстары туралы түсіндіріп өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Президент тапсырмасы бойынша LRT құрылысының жобасын айтарлықтай оңтайландыру жұмыстарын жүргіздік. Өздеріңіз білесіздер, осы жобаға байланысты көптеген сын айтылды. Ең басында Қытайдың коммерциялық банкінен 20 жылға несие алынды. Бірақ осы 20 жыл ішінде 800 миллион доллар артығымен төлейтін болдық. Осы себепті, біз ол несиеден бас тартып, ішкі займдарға көштік", - деп түсіндірді Алтай Көлгінов.

Реклама
Реклама

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша қаражатты үнемдеу шамамен 1,2 миллиард долларды құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде қарыз бойынша үнемдеу 800 миллион доллардан асады, құрылыс-монтаждау жұмыстарында үнемдеу - 350 миллион доллар. Аялдама станциялары 18-ден 11-ге дейін, ал жылжымалы құрам 19-дан 12-ге дейін қысқартылды.

"Қазір 7 станцияға азайды. Бастапқыда жоба бойынша қозғалыс интервалы 3 минутты құрау керек болатын. Бірақ біз тұрғындар саны мен жүктемені ескердік. Мамандармен кеңесе отырып интервалды 10 минут етуді жөн көрдік. Сол сияқты 7 құрам азайды. Бұл да экономикалық тұрғыда айтарлықтай үнемделді. Бұған қоса жерасты өтпелі жолдар болды. Оларды да қысқардық. Нәтижесінде 350 миллион доллар үнемделді. Ал түптеп келгенде шамамен 1,2 миллиард теңге үнемделді. Көрдіңіздер ме, жобаны қанша көлемде арзандаттық. Жалпы алғанда алдымызда LRT құрылысын аяқтау тапсырмасы тұр. Себебі, жұмыстың біраз бөлігі жүргізілген, инфрақұрылым тұрғызылған", - деді шаһар басшысы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная