10 қазан 2019 | 14:24

LRT ісі: Қаражат қалай жымқырылған?

© Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Нұр-Сұлтанда жеңілрельсті LRT көлігінің құрылысына қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Нұр-Сұлтанда жеңілрельсті LRT көлігінің құрылысына қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Құрылыстың үш кезеңі де тексеріліп жатыр. Техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттама құнының негізділігі, орындалған құрылыс жұмыстарының нақты көлемі, көрсетілген консультациялық қызметтер және техникалық қадағалауды жүзеге асыру тексеріледі", - деді Сыбайлас жемқорлық агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, осы салаларға арнайы білімі бар мамандар мен сарапшылар тартылған. Іс үшін маңызы бар барлық құжаттар алынды, соның негізінде экономикалық құрылыс сараптамасы тағайындалды. Ұлттық банкпен және есеп комитетімен өзара іс-қимыл жасау кезінде Қытайдың даму банкінен алынған ақша қаражатын "Астана банкінде" орналастырудың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі.

"Сонымен қатар, жаңа қаражат жымқыру схемасын анықтады. 2014 жылы "Астана LRT" ЖШС жоғары құны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келісімшарт жасады. Мемлекеттік сараптама белгілеген құны 2,6 миллиард теңге, LRT 4,2 миллиард теңгеге шарт жасалды, оның 3 миллиард теңгесі мердігерлер төледі. Айырмашылық - 412 миллион теңге. Осы қаражат жалған кәсіпорындардың көмегімен қолма-қол ақшаға түсіп, жымқырылған. Тергеу барысында Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласы әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС лауазымды тұлғалары мен жобаны іске асыруға қатысы бар мердігерлік ұйымдардың басшылары анықталды", - деді Сергей Перов. 

Тоқаев елордадағы LRT жайлы: Күмәнді нысан


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная