ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2020 | 17:39
Лукашенко Қазақстандағы сайлау туралы: Сіздер үшін алаңдаймыз
Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдерінің басшылары Қазақстанда өтетін парламент сайлауына алаңдаушылық білдіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО елдерінің басшылары Қазақстанда өтетін парламент сайлауына алаңдаушылық білдіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2020 жыл біз үшін оңай болған жоқ. 2021 жыл да оңай болмасы анық. Келесі жылдың басында Қазақстанда парламент сайлауы өтетінін білемін. Біз сізге және Қазақстанның тұңғыш Президентіне осы саяси науқанды өткізу кезінде табыс тілейміз. Оның оңай болмайтынын Беларусиядағы және басқа елдердегі жағдайдан біліп отырған шығарсыздар", - дейді Лукашенко.
Беларусь президенті Қазақстан үшін алаңдайтынын айтты.
"Сондықтан біз тілеулеріңізді тілейміз! Қазақстан тұрақты, қуатты және гүлденуі үшін сіздерге жан-жақты қолдау көрсетеміз", - дейді ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.
Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусьтегі және Армениядағы оқиғаларға қатысты пікір білдірген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также