25 қазан 2019 13:24

Лукашенко қазақстандықтарға үндеу жасады

© Тұрар Қазанғапов

Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты Беларуське шақырып, қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты Беларуське шақырып, қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстандықтарға айтқым келетіні: белорустермен байланысып, дұрыс істедіңіздер. Біз ешқашан ешкімді ұятқа қалдырған емеспіз. Сіздермен де солай болады. Еуропа орталығында сіздерде де жер бар, соны біліп жүріңіздер", - деді Лукашенко Ақордадағы кездесуде. 

Реклама
Реклама

Ол Тоқаевты 2020 жылы Беларуське ресми сапармен келуге шақырды. "Бұл бізге бүгінгі уағдаластықтарымыздың орындалуын бақылауға және қол қойылған келісімдердің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Құрметті Қасым аға, осы кездесудегі сындарлы қадамдарыңыз үшін және ел мен халықтарымыздың игілігі үшін бар күш-жігерімізді салуға дайын екеніңіз үшін тағы да алғыс айтқым келеді", - деді Лукашенко.

Еске салсақ, 24 қазанда Александр Лукашенко Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусия көшбасшысын әуежайда жеке қарсы алды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram