21 мамыр 2021 | 16:31

Лукашенко Қазақстанға "ренжіді"

Фото: REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларымен жеке кездесудің жоқтығына өкініш білдірді және "Қазақстан бұрын қонақжай еді" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь президенті Александр Лукашенко ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларымен жеке кездесудің жоқтығына өкініш білдірді және "Қазақстан бұрын қонақжай еді" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыстың басында ЕАЭО құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға үндеу жасады.

"Жоғары кеңестің құрметті мүшелері, отырысқа қатысушылар. Қысқаша сөз сөйлеуге рұқсат етіңіздер. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте сіздерді көргеніме қуаныштымын. Отырыстың видеоконференция жағдайында болғаны өкінішті. Көрмегелі көп болды, сағынған тұстарым бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев алғы сөзінде.

Реклама
Реклама

Лукашенко өз сөзінде Назарбаевпен келісетінін айтты.

"Құрметті, отырысқа қатысушылар, баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Құрметті төрағамыз айтқандай, көрмегелі көп болды, бір-бірімізді телеарнадан көріп, сағынып қалдық. Ойлаймын, Қазақстан бұрын қонақжай еді, қонаққа шақыратын. Қазір неге екені жабылып қалдық, вакцинамыз жақсы, халықты жаппай вакциналап жатырмыз дейміз. Бірақ әлі де кездесе алмай келеміз", - деді Беларусь президенті.

Ол президенттерді қазанда Минскке шақырды.

"Сіздерді қуана қарсы аламын. Өкінбейсіздер деп ойлаймын", - деді ол.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "дәстүрлі есте қалар сөз сөйлегені" үшін Александр Лукашенкоға алғысын айтты.

"Әріптестерімді біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеуге шақырамын. Бұл кездесуді онлайн өткізу туралы шешім бәтуаластықпен қабылданды және барлығыңыз келістіңіздер. Біз ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдап, соған сүйендік. Жағдайды жеңілдетудің қажеті жоқ, пандемия әлі де бар", - деп жауап берді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram