21 қазан 2019 | 12:31

Лукашенко Қазақстанға ұшып келеді

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазанның 24-25 аралығында ресми сапармен Қазақстанда болады. Бұл туралы беларусиялық көшбасшысының сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазанның 24-25 аралығында ресми сапармен Қазақстанда болады. Бұл туралы беларусиялық көшбасшысының сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізеді. Екі ел басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты талқылайтын болады. 

Реклама
Реклама

Тоқаев пен Лукашенко өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында, көлік пен логистикада, мұнай-химия кешенінде, жоғары технологиялар саласында ынтымақтастықты арттыру перспективаларын қарастырады.

Тараптар сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер аясындағы және халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты, өңірлік және әлемдік күн тәртібін талқылайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі жақты келісімдер пакетіне қол қойылады.

Сол күндері Нұр-Сұлтанда Қазақстан - Беларусь бизнес-форумы өтеді. Қазақстан астанасында Беларусь дипломатиялық миссиясы ғимараттарының жаңа кешенін ашу жоспарланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная