ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қыркүйек 2022 | 16:00
"Лукойл" компанияның директорлар кеңесі басшысының қайтыс болғанын растады
"Лукойл" компанияның директорлар кеңесі төрағасы Равиль Магановтың қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Лукойл" компанияның директорлар кеңесі төрағасы Равиль Магановтың қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Компания ұжым атынан Магановтың отбасына көңіл айтты.
"Лукойл" директорлар кеңесінің төрағасы Равиль Магановтың ауыр науқастан кейін қайтыс болғанын хабарлаймыз. Равиль Ульфатович компанияның ғана емес, бүкіл Ресейдің мұнай-газ саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бір күн бұрын Мәскеудегі Маршал Тимошенко көшесіндегі Орталық клиникалық аурухана ғимараты маңынан Равиль Маганов өлі табылған болатын. Топ-менеджер алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен деген болжам бар.
67 жастағы Маганов "Лукойл" компаниясында 1993 жылдан бері вице-президент болып жұмыс істеген. 2006 жылы "Лукойл" компаниясының бірінші атқарушы вице-президенті болды. Ол 2020 жылы директорлар кеңесіне төраға болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также