23 қыркүйек 2020 | 19:08

Людмила Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен кетті

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Людмила Бюрабекова Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Людмила Бюрабекова Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үкімет қаулысы бойынша Бюрабекова Людмила Витальевна денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақстан фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық фармаколог болып бастады.

Әр жылдары Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында, республикалық балаларды оңалту орталығында, ұлттық медициналық холдингте, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында жұмыс істеді. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына 2020 жылғы сәуірде тағайындалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная