24 тамыз 2024 | 13:50

ІІМ ата-аналарға маңызды ескерту жасады

Polisia.kz

ІІМ жол апаттарының алдын алу туралы ролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ жол апаттарының алдын алу туралы ролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері елімізде балаларға қатысты 3,5 мыңнан аса жол апаты болған, салдарынан 165 кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 4 мыңнан астамы жарақат алған.

Реклама
Реклама

Жолдағы қауіпсіздік көбіне көлік жүргізу тәртібіне байланысты. Жол апаттарының себептері мынадай болуы мүмкін:

– Көлік тізгінін кәмелетке толмағандарға немесе көлік басқаруға құқығы жоқ басқа адамдарға беру. Бұл жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуға жатады.

– Жылдамдықты арттыру. Белгіленген жылдамдықты сақтамау жол апаты болу ықтималдығын арттырады.

– Мас күйде көлік жүргізу. Алкогольді немесе есірткіні қолдану жүргізушінің реакциясын төмендетеді.

– Жол жүрісі қағидаларын бұзу. Бағдаршамдарды, жол белгілерін елемеу, басып озу ережелерін сақтамау қайғылы жағдайға әкеп соғады.

– Жүргізушінің назарын аулау. Ұялы телефонды пайдалану және басқа да алаңдататын жағдайлар жүргізушіге кедергі келтіріп, оқыс оқиғаға себеп болуы мүмкін.

Полиция азаматтарды жолда мұқият және жауапты болуға шақырады. Жүргізушілер жол ережелерін қатаң сақтауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная